22 жел, 2021 сағат 12:20

Жандос Бүркітбаев жаңа қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді


Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев өзінің тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу - әрқашан жауапты болу. Бұл - ең алдымен, өзіңе, әріптестерімізге, халқымызға деген үлкен жауапкершілік. Денсаулық сақтау министрлігінің негізгі рөлі - Қазақстан азаматтарының денсаулығын қорғау. Тағайындау ештеңені білдірмейді, өз міндетімді атқара беремін", - деді Бүркітбаев Үкімет отырысынан кейін.

Жандос Бүркітбаев Цойдың кетуіне қатысты мемлекеттік органдардың бірінші басшысын тағайындау, жұмыстан босату туралы шешімді жоғары басшылық қабылдайтынын айтты.

"Тиісінше, бұған пікір білдіруім орынсыз. Мемлекеттік саяси қызметкер ретінде мен тапсырмаларды орындаймын, өкілеттіктер аясында міндеттерді орындаймын. Жұмыс жоспарлы, жүйелі жүргізіліп жатыр. Сол жоспар бойынша жүйел мәселелермен айналысып жатырмыз", - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойды денсаулық сақтау министрі қызметінен босатқан болатын.

20 желтоқсанда Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау министрлігі басшысының міндетін атқарушы болды.