Фото: elements.envato.com
Алматыдағы қонақүйде жәндіктерді улаудан кейін төрт бала ауруханаға түсті. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұған дейін БАҚ-та Алматыдағы қонақүйде жәндіктерге қарсы өңдеу жұмыстарынан кейін төрт бала ауруханаға жеткізілгені жазылған болатын. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті балалар уланғанын растады.
"2022 жылдың 11 шілдесінде химиялық заттан уланған төрт бала Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жатқызылды. Олар Орталық балалар ауруханасының токсикология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр", - деді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметі өкілдері.