Елордада жаңбырлы күні ағаш суарған видео әлеуметтік желіге тарады. Осыған байланысты қала әкімдігі «Астана Зеленстрой» ЖШС жауабын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Астана Зеленстрой» компаниясы жасыл желекті азықтандыру мәселесіне қатысты түсінік берді.
«Астана-Зеленстрой» ЖШС ағаштардың тамыр жүйесіне минералды тыңайтқыштар жіберу жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл процедура тек бұлтты және жаңбырлы ауа райында жасалады», - деп хабарлады компания.
Компанияның айтуынша, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін минералды кешенді тыңайтқыштар ылғалды топыраққа қолданылады.
Тыңайтқыш суда ериді және суару көліктерінен шашылады.
Бұған дейін хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда соңғы күндері қатты жаңбыр, бұршақ және найзағай болады. Бүгін жел екпіні 20 м/с дейін күшейеді деп күтіліп отыр.