Жаңбыр салдарынан Шымкент көшелерін су баcты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Түннен бері жауған жаңбыр салдарынан Шымкент көшелерін су басып жатыр. Қалалық төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік орталығына қала тұрғындарынан 7 мекенжай бойынша 70 хабарлама түскен. Жаңбырдың суынан Абай және Әл-Фараби аудандарындағы көшелер суға толған.
Түнгі сағат 00.45-тен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда 200 текше метр су шығарылды. Оқиға орнында Шымкент қаласы Төтенше жағдай департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 23 адам, 7 техника, 7 мотопомпа жұмыс істеп жатыр.
«Қазгидрометтің мәліметінше, Шымкентте 26 қазанда қатты жаңбыр жауып, жел тұратыны туралы ескертілді. Жалпы су басу салдарын жоюға Төтенше жағдай департаментінің 167 маманы, 17 техникасы, 4 қайық, 39 мотопомпа дайындыққа келтірілді» - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.