Финляндияның Рука аймағында фристайл-акробатикадан әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық Жанбота Алдабергенова жүлдеге сынық сүйем жерден тоқтады. Ол жарысты төртінші орынмен аяқтады.
Бұл бәсекеде украиналық Анастасия Новоасад жеңіске жетті. Күмісті қытайлық - Ментао Ксю, қоланы украиналық Ольга Полюк еншіледі.