«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның басшысы Жанболат Мелдешов қызметтік міндеттерін орындаудан уақытша шеттетілді, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Sputnik.kz және Nur.kz ақпараттық порталдарында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның бір топ қызметкерінің орталық басшысы Жанболат Мелдешовтің тарапынан заңға қайшы әрекет жасалғаны және дөрекілік танытқаны жөнінде шағымданғаны туралы ақпарат жарияланды.
Министрліктің баспасөз қызметі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлерінің шағымына байланысты кешенді қызметтік тексеріс өткізілетіндігін хабарлады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің №85-К 2017 жылдың 23 мамырдағы бұйрығы бойынша ХБО Президенті Жанболат Мелдешов өзінің қызметтік міндеттерін орындаудан уақытша шеттетілді.
Тексеріс нәтижелері анықталғанша ХБО басшысының міндеттерін орталықтың вице-президенті Мейіржан Алпыспай атқарады.