ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына жолдаған жауабында жанар-жағармай нарығындағы тиімсіз жеткізушілерге қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі таңда министрлік жанар-жағармай материалдарын өндіру және тарату жүйесін реформалау бойынша көтерме бағамен жеткізушілерге қойылатын талаптарды күшейту, табыс мөлшерін шектеу сияқты шаралар қабылдап жатыр. Бірыңғай оператор мен авиакеросин айналымын қоспағанда, көтерме бағамен жеткізушілер ретінде мұнай базалары бар тұлғалар ғана әрекет ететін болады» деп жазды Болат Ақшолақов депутаттық сауалға берген жауабында.
Министрдің жауабына сүйенсек, биржалық сауда-саттықтың рәсімін одан әрі жаңартудың мынандай мәселелері пысықталып жатыр:
- қатысушылар шеңберін жанамай құю желілерімен ғана шектеу,
- сауда сессияларын бұзу ірі және ұсақ жанарқмай құю стансаларына бөлу.
«Бұл шаралар жанармай құю бекеттеріне, оның ішінде шағын және орта кәсіпорындарға, биржа арқылы ресурс ұстаушылардан жанар-жағармай материалдарын тікелей сатып алуға мүмкіндік береді», - дейді министр.