20 сәу, 2022 сағат 18:34

Жаңаөзеннің экс-әкімі «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры болып тағайындалды


«ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев «Өзенмұнайгаз» компаниясының активімен кездесу өткізіп, жаңа бас директорды таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат акционерлік қоғамға сілтеме жасап.

Мақсат Оңғарбайұлы Ибағаров 1970 жылы туған. 

Білімі жоғары. 1992 жылы мұнай мен газ ұңғымаларын эксплуатациялау механигі мамандығы бойынша Жаңаөзен мұнай мен газ колледжін бітірген.

1999 жылы мұнай мен газ кенорындарын игеру инженері мамандығы бойынша Ш. Есенов атындағы Ақтау университетін бітірген.

1992-2000 жылдары - «Өзенмұнайгаз» ӨБ МГӨБ-2 жетекші инженер-геологы, мастері, операторы, МГӨЦ-8 бастығының орынбасары, «Өзенмұнайгаз» ӨБ МГӨБ-1 МГӨЦ-2 бастығы.

2000-2002 жылдары - «Өзенмұнайгаз» ААҚ ТӨБ бас инженері, МГӨБ-2 директорының орынбасары, ҰКЖ және бұрғылау департаментінің жетекші инженері.

2002-2008 жылдары - «Өзенмұнайгаз» ӨФ МГӨБ-1 және МГӨБ-3 бас инженері, МГӨБ-2 және МГӨБ-4 бастығы.

2008-2013 жылдары - «Өзенмұнайгаз» ӨФ МГӨБ-2 бастығы, кәсіби комитет председателі.

2013-2016 жылдары - «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры.

2016-2017 жылдары - «Қазмұнайгаз» БӨ басқарушы директоры.

2017-2019 жылдары - «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының транспорт пен әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары.

2016 жылдың 24 наурызынан - Маңғыстау облыстық мәслихатының алтыншы шақырылым депутаты.

2019 жылдың 4 қыркүйегінен - Жаңаөзен қаласының әкімі.

Бұған дейін «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры болған Есен Өтеев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай және газ өндіру департаментінің бас эксперті қызметіне тағайындалды.