20 сәу, 2023 сағат 14:15

Жаңаөзендегі жарылыс: ТЖД зақымдалған газ құбырының видеосына қатысты пікір білдірді

видео кадры

Желіде 17 сәуірде Жаңаөзенде болған жарылысқа қатысты видео тарады. Видеода мамандар және эксперттер жарылыс себебін анықтау мақсатында жер астындағы газ құбырын қазып, газ шығарып жатқаны көрсетілген. Маңғыстау облысы ТЖД өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Бұл мәлімдемелердің шындыққа жанаспайтынын назарға саламыз. Қазір жүргізіліп жатқан жарылыс-техникалық сараптама бірнеше кезеңнен тұрады, тереңірек және егжей-тегжей зерттеу үшін жағдайды бағалау қажет", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, ведомство өкілдері қандай да бір жалған ақпарат жария етілген жағдайда ҚР Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Ведомство өкілдері қазақстандықтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.

видео: Tengrinews.kz

Айта кетейік, оқиға 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде болған. Алдын ала болжам бойынша газ жарылғаны хабарланды. Ал салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираға.