09 сәу, 2023 сағат 15:22

Жаңаөзенде жұмыс беруші қызметкерлеріне 24 млн теңге қарыз болған

Фото: inbusiness.kz

Жаңаөзенде "ECSAD" ЖШС еңбек заңнамасын бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Lada.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, "ECSAD" ЖШС 62 қызметкеріне 2022 жылдың желтоқсаны мен биылғы ақпан айының жалақысын төлемеген. Серіктестіктің жұмысшылар алдындағы қарызы 24 миллион теңгеден асқан.

Прокуратура Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыным енгізді. Нәтижесінде берешек толығымен өтеліп, қызметкерлердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы 1-бөлігіне сәйкес еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін жұмыс берушіге 30 АЕК, яғни 103 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.