Жаңаөзенде үш жігіттің көліктің артына жабысып алып, сырғанағаны видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Көктайғақта көлікке жабысып, сырғанаған жастардың видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Бұл жағдай бойынша Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының инспекторлары шара қолданды.
«Полицейлер Газель көлігін анықтап, жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 590-бабы 7-бөлімі, 593-бабы 1-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырды» деп мәлім етті полициядан.
Көлік айыптұраққа қойылды.