Жаңаөзенде екі полицейді балағаттаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жаңаөзен қалалық сотында Е-ге қатысты ҚР КК-нің 378-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Е. Жаңаөзен қаласы «Шаңырақ» шағынауданында орналасқан Жаңаөзен қаласы ПБ-ның қызметтік бөлмесінде өздерінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полиция қызметкерлері К. және Ж-ны балағаттап, ар-намысына тиетін балағат сөздерді айтқан.
Соттың үкімімен Е. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасауда кінәлі деп танылып, оған 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.