видеодан алынған кадр
Жаңаөзенде кәмелетке толмаған жасөспірімді зорламақ болды деген күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"28 мамыр сағат 17:00 шамасында 102 кезекші пультіне Жаңаөзен қаласы 4 шағын ауданда ер адам кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды деген негізбен шақырту келіп түсті.
Аталған дерек ҚР ҚК 124–бабы “Жас балаларды азғындық жолға түсіру” бойынша СДТТБТ-де тіркелді.
37 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды" - делінген хабарламада.
Айта кетейік, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.