Айбек Қосуақов Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
"5 сәуірде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарына басқа жұмысқа ауысқан Мақсат Ибағаровтың орнына жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Президент Әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат Айбек Қосуақов болды", - делінген хабарламада.
1997 жылы Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін "Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау" және 2013 жылы Қонаев атындағы Көлік және құқық Гуманитарлық университетін "Экономика" мамандықтары бойынша бітірген.