сурет ашық дереккөзден алынды
Антикор Қызылорда білім беру саласында миллиондаған қаржы жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы мен бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Олар білім беру мекемелерінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың есеп-шоттарына еңбекақы түріндегі ақшалай қаражатты аудару арқылы 543 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді" - делінген хабарламада.
Антикор мәліметінше, күдіктілер Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен қамауға алынған.
"Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-прцестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі" - делінген ведомство ақпаратында.