28 қаң, 2021 сағат 11:27

Жаңадан құрылған Қаржылық мониторинг агенттігінің басшысы тағайындалды

Қазақстанда жаңадан құрылған Қаржылық мониторинг агенттігіне Жанат Қалдыбекұлы Элиманов төраға болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті Жарлығы шықты. 

Жанат Қалдыбекұлы 1978 жылы 16 тамызда Қарағанды қаласында туған. 

1999 жылы Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды прокуратурасы сот қаулылары мен атқарушылық өндірістің заңдылығын қадағалау бөлімі прокурорының міндетін атқарушы қызметінен бастады.

2000-2007 жылдар аралығында Қарағанды облысы мен елорда прокуратурасы органдарында жұмыс істеді.

2007 жылдан 2017 жылға дейін әділет және қаржы министрлігінде, экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі құрылымында түрлі қызмет атқарды.

2017-2019 жылдары Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінде басшылық лауазымдарда болды.

2019 жылдың ақпаны мен сәуірінде – Қарағанды облысы прокурорының орынбасары.

2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың қаңтарына дейін қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың қаңтарында қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы болып тағайындалды.