Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматуллин бүгін палатаның жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша ұсынылған түзетулер туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң жобасы тауар биржалары қызметінің талаптарын және ашықтығын арттыруға, биржалық сауданы дамыту үшін бәсекелес орта мен жағдайлар жасауға, сондай-ақ биржалық сауда көлемін ұлғайтуға бағытталған.
Құжатты талқылау барысында депутаттар бірқатар заңнамалық нормаларға атап айтқанда, сауда және интеграция министрлігінің Сауда-саттыққа қатысушылардан биржалық алымның ең төменгі мөлшерін шектеу құқығын көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Депутаттардың пікірінше, бұл норма биржалардың кәсіпкер – клиенттеріне теріс әсер етуі мүмкін.
Осыған сай, отырыста Нұрлан Нығматулин депутаттардың ұсынысын қолдады, егер заң жобасы Үкімет редакциясында қабылданса баға сұраныс пен ұсыныспен реттелетін кезде бәсекелестіктің негізгі қағидасы бұзылатынын атап өтті.
Палата Спикері атап өткендей, биржалық алым мөлшеріне қатысты демпинг түріндегі биржалардың жауапкеркершіліктен тыс әрекеттеріне келетін болсақ, онда бұл жерде заң жобасында көрсетілген басқа да тәсілдер жеткілікті.
Сонымен қатар, отырыста Нұрлан Нығматулин депутаттарға «көміртегі бірліктері»» сату үшін арнайы биржалардың жеке түрін бөлу туралы ұсыныс айтып, ағымдағы жылдың басында Экологиялық Кодекс қабылданып, онда көміртегі бірліктерін сату мүмкіндігі қарастырылғанын айтты.
Бүгінде барлық елдер шамадан тыс шығарындылармен белсенді күрес жүргізе бастады. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, осыған байланысты бізде де өнеркәсіп кәсіпорындарына «тегін» квоталар кезең-кезеңімен қысқаратын болады. Квотадан тыс барлық шығарындылар үшін кәсіпорындар төлемек. Яғни, олар жаңа төмен көміртекті технологиялар үшін ақы төлеуді немесе қосымша квоталар сатып алуды таңдауы керек.
Осы ретте, Мәжіліс Төрағасы дамыған елдерде мамандандырылған биржалар шығарындыларға квоталар сататынын, сондықтан «көміртегі бірліктері» саудасы бойынша мамандандырылған биржалар құрып, әлемдік тәжірибені ұстану керектігіне назар аударды.
Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, мұндай тәсіл болашақта біздің биржалық қатысушыларға халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді.
Осыған сәйкес, Палата Төрағасы аталған заң жобасы бойынша жұмыс тобына жауапты министрлікпен бірге екінші оқылымға дейін өзгертулер енгізіп, қажет болған жағдайда нормаларды экологиялық кодекспен сәйкестендіруді ұсынды.