Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өңірлерді бөлу кезінде бюджет пен мемлекеттік аппарат қалай қаралатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Министрдің айтуынша, қазір комиссия жұмыс істеп жатыр, жаңа аймақтардың шекарасы мен халық саны нақтыланғаннан кейін өңірлер бюджеті анықталады. Бұл ретте бұрыннан бар аймақтар бюджеті қысқарады, деді ол.
"Міндетті түрде қысқарады, өйткені олардың бюджеті мен штаты қайта бөлінеді. Егер ол жерде шартты түрде жұмысшылардың 30 немесе 40 пайызы жаңа өңірге, мысалы, Ұлытауға кетсе, тиісінше, бюджеттің шамамен 30-40 пайызы сол жерге кетуі керек. Яғни, қайта бөлінеді. Әрине, бар бюджетті қолдану құптарлық болар еді, бірақ қосымша бюджет қаражатын қажет етуі мүмкін", - деді Қуантыров Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.