Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Серік Маратұлы Жарасбаев Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлады.
Серік Жарасбаев 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей халықаралық олимпиада университетін тәмамдаған.
Мамандануы — дене шынықтыру және спорт, мемлекеттік және жергілікті басқару, спорттық әкімшілендіру.
2006-2007 жылдары Петропавлдағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы-спортшы болып жұмыс істеді.
2007-2010 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, оқу-спорт бөлімінің басшысы.
2011-2012 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетінің Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, инновациялық технологиялар және білім басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы; СҚО Туризм, дене шынықтыру басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2012-2014 жылдары ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің Жазғы спорт түрлері басқармасының басшысы, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
2014-2018 жылдары ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары болды.
2018-2019 жылдары ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2019-2021 жылдары — ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары.
2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — «Қазақстандық керлинг, едендік керлинг және петанга федерациясы» РҚБ бірінші вице-президенті.