ҚР бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша көтерме және бөлшектеп сату (сақтау) объектілеріне қойылатын талаптар белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осы қаулыға қоса берілген 5-қосымшаға сәйкес өнімді сақтау қамтамасыз етілсін», - деп жазылған қаулыда.
Аталған қосымшада мынандай талаптар көрсетілген:
1. 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сауда нысанының аумағына маскасыз кіруге және онда болуға жол берілмейді.
2. Жұмыс орындарын және келушілерге арналған бөлмелерді тұрақты желдетуді жүзеге асыру қажет.
3. Объекті әкімшілігі мен жауапты адамдар келушілердің, қызметкерлердің міндетті түрде маска киюін қадағалайды.
4. Сауда объектісінің меншік иесі:
1) кіреберісте, сауда залдарының холдарында, дәліздерде, санитариялық тораптарға кіреберісте, сондай-ақ әрбір бутикте тері антисептигі бар санитайзерлер орнатуды;
2) жұмыскерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқама жүргізуді;
3) жеке гигиена құралдарымен санитариялық тораптарды (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы);
4) халыққа антисептиктермен қолды өңдеу арқылы маска киіп қызмет көрсетуді;
5) әрбір 2 сағат сайын желдету режимін сақтауды қамтамасыз ете отырып, сауда объектілерінің ішінде профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін;
6) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуді;
7) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды дезинфекциялай отырып, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдаланылатын орындарды (киім ілетін орындарды, тамақ ішетін, демалатын бөлмелерді, санитариялық тораптарды) міндетті түрде дезинфекциялай отырып ылғалды жинауды жүргізуді;
8) дезинфекциялау және жуу құралдарының қорын;
9) дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды жіберуді;
10) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған, балалардың қолы жетпейтін жерде тығыз жабылған күйінде сақтауды қамтамасыз етеді.
5. Фуд-корттардың жұмыс істеуі осы қаулының 18-қосымшасына сәйкес қоғамдық орындар объектілеріне қойылатын санитариялық талаптарды сақтаған жағдайда қамтамасыз етіледі.
Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады: