Қазақстанда айыппұл санкциялары мен салықтарды есептеу үшін жаңартылған АЕК мөлшері қолданылмайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомство өкілдері сәуірде үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп 2022 жылға арналған есептік көрсеткіштерді нақтылау туралы шешім қабылдағанын еске салды.
"1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңгеден 3 180 теңгеге дейін және ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгеден 37 389 теңгеге дейін өсті, барлық әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылатын зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылардың мөлшері қосымша 4 пайызға артты", - делінген хабарламада.