28 там, 2021 сағат 12:57

Жамбылдағы жарылыс: Halyk Bank қаза болған әскерилердің қарызын кешіреді


Halyk Bank  Жамбыл облысындағы әскеринысанда болған жарылыстан зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты.

Арнайы таратылған баспасөз хабарында: «Halyk Bank  басшылығы мен банктің мыңдаған адамнан тұратын қжымы Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан мезгілсіз қаза тапқан әскери ұызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Бұл қайғылы оқиға ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлерінің өмірін қиып, ел үшін және әрбір қазақстандық үшін орны толмас қайғыға айналды», - делінген.

Сондай-ақ, жарылыс кезінде ажал құшқан азаматтардың несиесін есептеп шығаратыны айтылған:

«Банк басшылығы зардап шеккен отбасыларға қолдау ретінде Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқан Halyk Bank  клиенттеріне банктен алған қарыздарды есептеп шығару туралы шешім қабылдады. Сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз».