17 қаң, 2023 сағат 11:13

Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

видео кадры

Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Оқиға Луговое ауылында болған. Жедел жәрдем науқасты Таразға алып бара жатқан. Жолда Mercedes қарсы жолаққа шығып кеткен. 31 жастағы жедел жәрдем жүргізушісі соқтығысуды болдырмауға тырысып, қарсы жолаққа бұрылып, жол талғамайтын көлікті соғып кете жаздаған. Жанама соққыдан жедел жәрдем көлігі бүйіріне құлаған.

Фельдшер жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оқиғаға жолдағы көктайғақ себеп болуы мүмкін дейді куәгерлер.

"Осы дерек бойынша жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаға қатысты жауапкершілікті анықтау үшін автотехникалық сараптама тағайындалды", - деді Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.