Жамбыл облысында полиция көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Жамбыл облысының Луговой ауылында полиция көлігі адам қағып кетті. Қыз зардап шеккен жоқ. Өздеріне өзі айыппұл салып, әрі қарай кетіп қалған шығар", - делінген EGOV.PRESS Telegram-арнасындағы видео сипаттамасында.
Жамбыл облысының Полиция департаменті дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Жаяу жүргіншінің сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартуына байланысты полиция қызметкері ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы, 1-бөлігі ("Жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларына қозғалыста артықшылық бермеу") бойынша жауапкершілікке тартылды. Бұл заңбұзушылық он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады", - деді облыстық полиция өкілдері.