Жамбыл облысының аумағында ұзақ уақыт бойы қытайлық азаматтардың заңсыз көші-қонын ұйымдастырып келген адамдар тобы ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қытайдан мигранттардың заңсыз арнасын Тараз қалалық көші-қон полициясы бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған. Атап айтқанда, олар - бөлімнің бұрынғы басшысы А.Зейдалиев және оның орынбасары Б.Наурызбаев. Сондай-ақ ҚХР тумасы У. Силамбек «делдал» ретінде сыбайлас болған.
«Көрсетілген адамдар тобы жалған құжаттарды қолдана отырып, ҚХР-дың 170-тен астам азаматын Жамбыл облысына тіркеген. Осылайша, оларға Қазақстанда кедергісіз тұруға құқық беретін құжаттар берген», - делінген хабарламада.
2019 жылғы 5 наурызда Тараздың № 2 қалалық сотында қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.
А. Зейдалиев ҚР ҚК-нің 361-бабы 4.4 3-т. («Ауыр салдарларға әкеп соққан лауазымдық уәкілеттілікті теріс пайдалану»), 394-бабы 4.2 («Адамдар тобының алдын ала сөз байласып заңсыз көші-қон ұйымдастыруы») бойынша кінәлі деп танылды. Ол 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтейді.
Б. Наурызбаев ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы, 394-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім етілді. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтейді.
У. Силамбек ҚР ҚК 394-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекмесінде жазасын өтеумен бас бостандығынан айырылды.
Сотталған Б. Наурызбаев пен У. Силамбек үкім жарияланғаннан кейін сот залында қамауға алынды. А. Зейдалиевке қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы бұған дейін қолданылған болатын.
Қазіргі уақытта ҚХР азаматтарына берілген ҚР аумағында тұруға қатысты құжаттардың күшін жою мәселесі шешілуде.