18 сәу, 2018 сағат 10:18

Жамбыл облысында қырғыз бизнесменін қамап ұстағандар құрықталды

Жамбыл облыстық ІІД қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, Қырғыз Республикасының жеке кәсіпкерін босатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

Бизнесменді ұрлады деген күдік Алматының үш тұрғынына келіп отыр екен.

"17 сәуірде түнгі уақытта Алматы-Тараз тасжолында фигуранттар жеке көлігімен көлікті тоқтатып, полиция қызметкері ретінде танысып, жолаушыны ұрлап әкеткен", - деп хабарлады Сәдубаев брифингте.

Операция жүргізу барысында көрші елдің құтқарылған азаматы зардап шекпепті. Ұсталғандар тергеу изоляторына қамалды.