Жамбыл облысында қарақшылар зейнеткерді тонап кеткен. Оқиға 13 мамырға қараған түнде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияға Мойынқұм ауданының 82 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол 13 мамырға қараған түні бетперде киген 2 белгісіз адам жасырын түрде жазғы ас үйіне кіріп, жалғыз өзі ұйықтап жатқан жерінен күш қолданып, шабуыл жасағанын айтқан. Осылайша, ұрылар зейнеткердің жастығының астында жатқан 5 миллион теңгені ұрлап кеткен. Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігі "Қарақшылық" бойынша соталды тергеу басталған. Сонымен қатар, бірқатар қажет сараптама тағайындалған.