Жамбыл облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Берік Жарқынбеков өңірде коронавирусқа байланысты қанша адамның карантинде жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«25 наурыз күнгі сағат 07-00-дегі жағдай бойынша Жамбыл облысында мониторингке сәйкес 1А санатына кіретін елден келген 4 азамат карантиндік стационарға оқшауланған. Ал 1Б санатына жататын елден келген 67 адам үй карантинінде жатыр», - деді Берік Жарқынбеков «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.
Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев жамбылдық азамат коронавирусты Қырғыз елінен жұқтырып келгенін, Рысқұлов ауданында коронавирус табылды деген ақпарат жалған екенін айтқан болатын.