25 қыр, 2023 сағат 13:13

Жамбыл облысында жеңгетайлықпен айналысқан 50 жастағы әйел ұсталды

Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысында жезөкшелер үйін ұйымдастырып, жеңгетайлықпен айналысқан күдіктінің ісі әшкере болды, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Stop трафик” жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында клиенттерге ақша үшін қыздардың интимдік қызметі ұсынылған кафені анықтаған.

"Заңсыз қызметті ұйымдастырды деген күдікпен ойын-сауық мекемесінің әкімшісі ұсталды.

50 жастағы әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, қазіргі уақытта келу туралы міндеттемемен босатылды. Қолма-қол ақша және телефон түріндегі заттай дәлелдемелер алынды" - делінген хабарламада.