Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Мұратхан Жүнісәліұлы Шүкеев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс әкімдігің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мұратхан Жүнісәліұлы бүгінгі күнге дейін «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Байзақ ауданы әкімі қызметтерін атқарған. Ол енді ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану салаларына жауапты орынбасар қызметіне тағайындалды" делінген хабарламада.
Мұратхан Жүнісәліұлы Шүкеев 13 сәуір 1960 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Кеңес ауылында дүние келген. Білімі жоғары. Ұлты қазақ. 1999 жылдан «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 1983 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауылшаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша аяқтаған.
Алғашқы еңбек жолын 1983 жылы Жезқазған облысының Бұрма совхозында бригадир болып бастаған.
1984-1991 жылдары Жамбыл облысы, Луговой ауданы ауылшаруашылығы басқармасының бас агрономы, Луговой аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшысы, Украин ССР-і Хмельницк қаласындағы №59228 әскери бөлімінде рота командирінің орынбасары, Жамбыл облыстық комсомол комитетінің идеология бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1999-2012 жылдары аралығында Луговой ауданы «Восток» колхозының бас агрономы, «Ақ ниет» өндірістік кооперативінде агроном, одан кейін директор, «МТС-Интеграция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы, аудан әкімі аппаратының жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары болды.
2012-2017 жылдары Жамбыл облысының Байзақ ауданы әкімі болып қызмет атқарды.
2017 жылдың ақпан айынан бастап «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі үшін «Құрмет» орденімен және медальдарымен марапатталған. Т.Рысқұлов ауданының Құрметті азаматы.