09 шіл, 2019 сағат 13:33

Жамбыл облыстық Қазпошта филиалының басшысы пара алып ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалы басшысының пара алу фактісін анықтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, оған бөлім басшысы арқылы жеке тұлғаны жұмысқа орналастыруға көмек бергені үшін 250 мың сомасында пара алды деген күдік келтіріліп отыр.

«Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілерге қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда. Кінәлілік дәрежесін анықтау арқылы күдіктілерге қатысты соңғы үкімді сот шығарады»,-делінген хабарламада.