Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда несиені қолжетімді ету үшін базалық мөлшерлемені төмендету қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мәжіліс отырысында Жамаубаев базалық мөлшерлемені қалыптастыру тетіктерін қайта қарау қажеттігін мәлімдеді.
"Жалпы, Ұлттық банк үкіметпен бірлесе отырып, базалық мөлшерлемені қайта қарауы қажет. Бұл мәселені қанша депутат көтеріп отыр. Базалық мөлшерлеме экономикадағы барлық мөлшерлемелерге әсер етеді: бұл депозиттер бойынша мөлшерлеме, несиелер, бағалы қағаздар және т.б.", - деді ол.