Жалпыға бірдей декларацияның бірінші кезеңіне қатысушылардың жалпы санының 56%-ы декларация тапсырды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, жыл басынан бері 269 510 адам өз мүлкін декларациялауға үлгерді. Оның ішінде тек соңғы аптада 48 871 адам 250.00 формасын тапсырды.
Сонымен бірге декларацияларын тапсырып үлгергендердің ішінен 171 682 адам «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын пайдаланды.
Еске салайық, Жалпыға бірдей Декларацияның бірінші кезеңіне қатысушылардың жоспарланған саны 480 000 адамды құрайды.