Танымал қазақстандық файтер UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-5) пен анголалық Манель Капе (16-6) Лас-Вегастағы UFC турнирінде кездесті. Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жек бес минутқа шақталған үш раундтан тұруы керек еді, дегенмен ол бірінші раундта аяқталды. Өйткені отандасымыз техникалық нокаутпен жеңілді.
Бұл - Жұмағұловтың UFC-дегі төртінші жекпе-жегі. Шілдеде ол америкалық Джером Ривераны жеңіп, қыркүйекте төрт жекпе-жек өткізуге промоушенмен жаңа келісімшарт жасаған.
Айта кетейік, бүгінгі кештің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы Роб Фонт (19-4) және Жозе Альдо (30-7) кездеседі. Турнирдің маңыздылығы бойынша екінші кезеңінде Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев (10-1) пен Брэд Ридделл (10-1) айқасады.
1432 рет оқылды