02 қаз, 2025 сағат 17:52

Жалған стоматологиялық клиникалар арқылы БЖЗҚ-дан 46 млрд теңге ұрлаған күдіктілер іздестірілуде

Фото: ҚР ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі 46 млрд теңгеден астам қаражатты БЖЗҚ-дан заңсыз шығару ісіне қатысы бар деген күдікпен үш азаматқа іздеу жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.

🔹 Дүйсенов Аслан Қамбарұлы, 01.04.1992 ж.т.
🔹 Иманбаев Габбас, 18.05.1998 ж.т.
🔹 Елешев Есимхан Баяндиевич, 11.09.1987 ж.т.

Тергеу дерегінше, олар жалған стоматологиялық клиникалардың атын жамылып, медициналық қызмет көрсетілгендей құжаттар рәсімдеген. Маңғыстау және Атырау облыстарында тіркелген 7 клиника іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетпеген.

Айыпталушыларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Белгілі болғандай, күдіктілердің бірі — бұрынғы полиция қызметкері Дүйсенов Аслан. Ол 2016 жылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, ауыр қылмыс жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

ҚМА іздеуде жүргендердің қайда екені туралы ақпарат берген азаматтарға сыйақы мен анонимділікке кепілдік берілетінін хабарлады.

Байланыс нөмірі: +7 (7172) 70 84 78 (кезекші бөлім)
Call-center: 1458