24 сәу, 2020 сағат 16:20

«Жакко Қарағанды» мемлекетке 129 млн теңгеге жуық залалды өтеді - Қаржы министрлігі

«Жакко Қарағанды» ЖШС мемлекетке келтірілген 128,8 миллион теңге сомасындағы материалдық залалды өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Жакко Қарағанды» ЖШС басшыларына қатысты бухгалтерлік және қаржылық есеп заңдылығын бұзу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқталды. Комитеттің мәлімдеуінше, іс қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылған.

Сонымен бірге «Жакко Қарағанды» ЖШС мемлекетке келтірген 128,8 млн теңге сомадағы материалдық залалды толық көлемде өтеген.