Фото: Polisia.kz
Қарағандылық полицейлердің заңды талабына бағынбай, ауа райына байланысты жабылған жолға шығып кеткен жүргізуші сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облыстық ПД Балқаш қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері заңды талапқа бағынбай, тәртіп сақшыларының жұмысына кедергі келтірген 31 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Оқиға ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы – Екатеринбург тас жолы жабылған кезінде болған.
"Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабының 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды. Әкімшілік материал оның тұрғылықты мекенжайы бойынша соттың қарауына жіберілді.
13 қаңтар күні Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен азамат әкімшілік қамауға алынды" - делінген хабарламада.