12 қаз, 2021 сағат 11:50

Зейнетақы жинақтарын пайдалану шетел валютасына сұранысты арттырды – ҰБ


Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында дизель отынының қымбаттауы мен теңге бағамының әлсіреуне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қыркүйекте дизель отынына бағаның өсуі 3,8%-ті құрады, ал жекелеген облыстарда 10%-тен асты. Өндірістің өсуіне, сондай-ақ экспорттың тоқтатылуына қарамастан, инфляциялық қысымды күшейтетін және басқа тауарларға жанама әсер ететін дизель отынының тапшылығы байқалады», - деді ол. 

Ұлттық банк төрағасы қыркүйекте жылдық инфляция елдегі 13 өңірде жылдам өскенін еске салды. 

«Мұнай бағасының айтарлықтай өсуіне қарамастан, ішкі нарықтағы сұраныс теңгенің айырбастау бағамына қысым көрсетуде. 2021 жылғы 9 айда биржада екінші деңгейдегі банктердің сатып алуы 19%-ке ұлғайды және 2021 жылғы 7 айда тұтыну тауарлары импортының 25%-ке ұлғаюы аясында орташа алғанда айына 2,6 млрд АҚШ долларына жетті. Фискалдық ынталандыру, зейнетақы жинақтарын пайдалану да импорттың ұлғаюы мен шетел валютасына деген сұраныстың өсу факторы болып табылады», - деді Ерболат Досаев.