«Отбасы» банкі enpf-otbasy.kz онлайн-платформасының жұмысын түсіндірді, деп хабарланды банктің желідегі парақшасында.
«Enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы сіздердің өтінімдеріңіз жойылса немесе жүйе соманы дөңгелектуіңізді сұраса, онда бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін:
1. Егер қажет сома «0» деп көрсетілсе, онда сіздің өтініміңіз жойылады;
2. Егер қаражат сомасы қосымша белгілермен көрсетілсе.
Мысалы, «1.000.000» немесе «1000000,00» түріндегі сомаларды жүйе қабылдамай, дөңгелектуді сұрайды.
Яғни соманы қосымша белгілерсіз «1000000» немесе «1234567» түрінде көрсету керек», - деді банк.
Егер сіз бәрін дұрыс енгізген болсаңыз, жүйені жаңарту немесе қайта кіру керек.
Онлайн платформада жұмыс жасау үшін сізге қолданыстағы ЭЦҚ және nclayer сертификаты қажет. Сертификаттарды Pki.gov.kz сайтынан жүктеп алсаңыз болады.
Зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық іс – шаралар тек компьютерден немесе ноутбуктен тәулік бойы қолжетімді.
Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.
23 қаңтардан Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды. Арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы үш сағаттың ішінде 4 мыңнан астам адам өтініш берді.