Зейнетақының бір бөлігін алу процесіне қатысты барлық операциядан комиссия алынбайды. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова толығырақ айтып берді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
«Бұған дейін де біз бұл мәселе бойынша ұстанымымызды білдіргенбіз. Бағдарлама қоғамда қызу талқыланғаны мәлім. Бұл ретте арнайы шот ашу үшін, арнайы шоттан аударым жасалған жағдайда да, тіпті сіздің ақшаңыз 45 күн арнайы шотқа аударылып, Бірыңғай зейнетақы жинағына қайтарылса да, комиссия алынбайды. Яғни БЖЗҚ-ға қайтарылатын сома бір теңгесі ұсталмай қайта аударылады», - деді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында.