Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров республикалық бюджетке енгізілген түзетулерде зейнетақы мен кейбір жәрдемақыларды индекстеу жоспарланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Үкімет отырысынан кейін журналистер министрден доллардың өсуі мен инфляцияның жоғары деңгейін ескере отырып, зейнетақы мен жәрдемақыны қайта индекстеу қалай және қашан жоспарланғанын сұрады.
"Негізінен, зейнетақылар мен кейбір жәрдемақыға қатысты. Шамамен, 9 пайызға. Бюджет қашан нақтыланады деген мәселеде Мәжіліс пен Сенаттан өтеміз, Президент "Республикалық бюджет туралы" заңға қол қояды. Әрі қарай іске асыру туралы шешім қабылданады. Шамамен, маусым-шілдеде", - деді Қуантыров.