10 қар, 2021 сағат 12:50

Зейнетақы Қорының салымшыларына пәтер алуға 2 трлн теңге берілген


Жыл басынан бері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 337,3 млрд теңгеге немесе 2,6%-ке ұлғайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы қазанның соңында Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бастап 337,3 млрд теңгеге немесе 2,6%-ке ұлғайып, 13,2 трлн теңге болды. Ал 31 қазанда салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуы үшін 2 трлн теңгеге 545,5 мың өтініш орындалды, оның ішінде 1,950 млрд теңге немесе 97,1% тұрғын үй мәселелерін шешуге тиесілі болды», - деді Досаев Үкімет отырысында. 

Банк төрағасының айтуынша, биылғы жыл басынан бері есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 1,2 трлн теңге болды, оның 14%-і валюталық портфель активтеріне тиесілі. 

«Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша 7% инфляция кезінде 9,9% мөлшерінде кіріс алынды, сәйкесінше салымшылар үшін 2,9% мөлшерінде нақты кіріс қамтамасыз етілді», - деді Досаев.