01 қыр, 2021 сағат 13:41

Зейнетақы қорындағы жеткіліктілік шегінен асатын жинақты «Отбасы» банкіне аударуға рұқсат беру керек - Президент


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеткіліктілік шегінен асатын жинақты «Отбасы» банкіне аударуға рұқсат беру керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мен бұған дейін зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану туралы бастаманың оң әсері туралы айттым. Сондай-ақ, бұл қадам адамдардың жұмыс берушілерден еңбекақыны ашық төлеуді талап етуіне жол ашты.

Осы үрдісті қолдау үшін зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерінің шегінен асатын бөлігін тұрғын-үй сатып алу мақсатында «Отбасы банкіндегі» есепшотқа аударуға рұқсат беру қажет деп санаймын.

Сонымен қатар, бұл қадам жұрттың қаражат жинауды және оны сауатты жұмсауды дағдыға айналдыруына мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы.