фото: Halyq Uni
Биыл қаңтар-сәуірде зейнетақы қорынан 47 млрд теңге мерзімінен бұрын алынды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин айтты, деп хабарлады Halyq Uni.
Оның сөзінше, жыл басынан бері БЖЗҚ зейнетақы активтері 1 трлн теңгеге (7,2%) ұлғайып, сәуірдің соңында 15,7 трлн теңге болған.
"Жыл басынан бастап инвестициялық кіріс көлемі 482 млрд теңге, зейнетақы жарналары – 664 млрд теңге, зейнетақы төлемдері – 81,8 млрд теңге, мерзімінен бұрын алу сомасы – шамамен 47 млрд теңге болды", - деді Виталий Тутушкин Үкімет отырысында.
Еңбек министрлігінің 1 сәуірдегі мәліметінше, қазір Қазақстанда зейнеткерлер саны - 2 млн 297 мың адам.
Сондай-ақ 1 сәуірдегі жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 798 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 953 теңге, базалық зейнетақы – 37 845 теңге.