Украина президенті Владимир Зеленский ICTV телеарнасына берген эксклюзив сұхбатында "Офшор 95" тергеу фильміне қатысты пікір білдірді. Фильмде 2012 жылдан бері Зеленский мен оның командасы - "Квартал 95" офшор фирмалары олигарх Игорь Коломойскиймен байланысты компаниядан 40 миллион доллар алатыны айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Шыны керек, онша емес сюжет. Мен сол саланың маманы ретінде айтып отырмын. Неге? Біріншіден, жаңа ештеңе жоқ, мен үшін дежавю секілді болды. 2019 жылы сол киноны Порошенко арналарынан көргенмін, себебі олар маған қарсы ештеңе де жоғын түсінді", - деді Украина басшысы.
Зеленский мұндай тергеулер баяғыдан қалған әңгіме екенін айтады.
"Мен оның бәрін естіп, бүге-шүгесіне дейін көргенмін. Жаңа нәрсе көрмегенім өкінішті. Бұл - Порошенко 2019 жылдан бері Украина президенті ретінде маған қарсы ештеңе таппаған деген сөз", - деді Зеленский.