Еуразиялық экономикалық одақ - дағдарыстан шығудың кілті, дейді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенова.
Оның пікірінше, биыл ЕАЭО-ның жұмыс істегеніне 7 жыл толды, бұл - интеграцияның артықшылықтарын, оның негізгі экономикалық және әлеуметтік нәтижелерін, сондай-ақ ынтымақтастық пен өзара кооперацияны тереңдету жолында біздің елдеріміз кездесетін кедергілерді айқындау үшін жеткілікті кезең.
Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы Н.Ә. Назарбаев бүгінгі саммитте атап өткендей, ЕАЭО бірлескен күш-жігердің арқасында қатысушы-елдердің экономикаларының тұрақтылығын қамтамасыз ететін ауқымды интеграциялық жобаға айналды.
Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етуі пандемиямен күрес және тұрақсыз әлемдік жағдайдың күрделі кезеңіне тура келді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) онлайн-отырысы барысында қатысушы-елдердің басты назары дағдарыс кезеңіндегі интеграциялық өзара іс-қимыл және тұрақты даму траекториясын қалыптастыру мәселесіне аударылды.
Қазақстан үшін ЕАЭО нарығы пандемияның зардаптарына қарамастан, экономика үшін маңызды болып қала береді. 2015-2020 жылдардағы Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 25%-ға өсті: оның ішінде Ресейге – 25%, Беларусьқа – 2 есе, Қырғызстанға – 20%, Арменияға – 6 есе өсті. ЕАЭО елдеріне жеткізілетін қазақстандық өнімнің шамамен 60%-ы шикізаттық емес тауарлар болып табылады.
ЕАЭО серіктестерімен Қазақстанның бірлескен кәсіпкерлігі де жоғарғы қарқынмен дамып келеді. 2015 жылдан бері ЕАЭО мүше мемлекеттердің қатысуымен Қазақстандағы белсенді кәсіпорындар саны 1,5 еседен астам өсім көрсетті.
Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республикада ЕАЭО капиталының қатысуымен 9 мыңнан астам компания болса, олардың көпшілігі шағын және орта бизнеске тиесілі.
Жыл өткен сайын ЕАЭО сыртқы серіктестер үшін барынша тартымды болып келеді. ЕАЭО аясында еркін сауда аймақтары туралы қол қойылған халықаралық келісімдер Қазақстан мен үшінші елдер арасындағы экономикалық қатынастардың жақсаруына және ішкі экспорттың өсуіне ықпал етеді. Осылайша, Вьетнаммен, Сербиямен, Иранмен және Сингапурмен бірлесіп құрылған еркін сауда аймақтары құны 1 миллиард АҚШ долларынан асатын қазақстандық тауарлар көлемін кеңейтуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Израиль, Египет және Үндістан интеграциялық одаққа қызығушылық танытып отыр.
Сондай-ақ, коронадағдарыс интеграциялық бірлестіктің ең қиын жерлерін айқындады, бірақ, сонымен бірге Одақ шеңберінде ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін де ашты. Осылайша, Мемлекет басшысы өз сөзінде ЕАЭО елдерінің экономикалық өзара іс-қимылына кедергі болатын өте өзекті мәселе – сауда кедергілерін жою бойынша жұмысты жалғастыру қажеттілігіне назар аударды. Мысалы, 2016 жылдан бастап ЕАЭО ішкі нарығындағы бар кедергілердің шамамен 80% жойылды, ал жаңа шектеулердің пайда болуына жол бермеу күн тәртібінде өзекті болып қалады.
Сондай-ақ, дағдарыстан кейінгі кезеңде әлемдік қоғамдастық шешуі қажет басым міндеттердің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болмақ. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Президентінің бірыңғай ауылшаруашылық нарығын құру, қосымша құны қосылған өнім экспортын арттыру, сондай-ақ ғылыми ынтымақтастықты жандандыру маңыздылығы туралы ұсынысы интеграциялық одақ алдында тұрған жаңа міндеттерге сәйкес береді.
Сонымен, саммитте қазақстандық тарап көтерген тағы бір маңызды мәселе – инфрақұрылымды дамыту және транзиттік әлеуетті дамыту қатысушы-елдердің өндірістік ынтымақтастығын жеделдетуге мүмкіндік береді.
«Осылайша, ЕАЭО бүгінгі таңда – заманауи жаһандық және аймақтық қиындықтарға нық және сенімді төтеп беретін қарқынды дамып келе жатқан интеграциялық бірлестік болып табылады. Қатысушы елдердің бірдей араласуы, егемендікке және ұлттық мүдделерді ескеруге негізделген өзара ынтымақтастығы пандемияның жағымсыз салдарын жеңілдетудің, ЕАЭО экономикасын тұрақты дамытудың және азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсартудың тиімді құралы бола алады»,-дейді институт директоры.