30 қаң, 2019 сағат 15:39

Заңды тұлғалар банктен шешіп алатын ақшаның шекті көлемін бекіту қажет - Назарбаев

Заңды тұлғалар банктен шешіп алатын ақшаның шекті көлемін бекіту қажет. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Заңды тұлғалар банктерден шешіп алатын қолма қол ақшаның шегін бекіту қажет. Ұлттық банкпен бірге мұны зерделеу керек. Көлік, үй сынды ірі сатып алуларда қолма-қол ақша жүрмеуі тиіс. Ол жақта жасырын мәміле бар», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы жеке тұлғалардың бюджетке қомақты ақша қарыз екендігін және оны әлі күнге өтемей отырғандығын атап өтті.

«Бүгінде 1,3 млн жеке тұлға бюджетке көлік, мүлік және жер салығына  қарыз. Бұл 17 млрд теңгеден астам қаржы, оның 5 млрд теңгесін есептелінген өсімпұл құрап отыр. Мен бұған дейін де айтып, Үкіметке негізгі салықты төлейтін болса, онда жеке тұлғаларға осынау 5 млрд теңге өсімпұлды алып тастайтын  салықтық рақымшылық жүргізуді тапсырғанмын»,  - деді ҚР Президенті.