12 қаң, 2022 сағат 20:14

Юрий Польский Азия теннис федерациясының вице-президенті болып тағайындалды


Юрий Польский Азия теннис федерациясының вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, осылайша еліміздің құрлық теннисінің дамуына қосқан үлесі мойындалып отыр.

«Қазақстанда халықаралық турнирлердің көптеп ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтуі нәтижесінде мен Азия теннис федерациясы кәсіпқой теннис комитетінің төрағасы болып тағайындалдым. Сонымен қатар қаржылық білімім болғандықтан, ATF қаржы комитетінің құрамына кірдім. Оған қоса Орталық Азиядағы теннисті дамыту жөніндегі жұмыс тобының төрағасы боламын. Бұл осы аймақ елдерінің одан әрі жақындасып, тығыз жұмыс жасауына септігін тигізеді деген ойдамын», - деді Польский.