Фото: gov.kz
Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды", - делінген Жарлықта.
Айта кетейік, Ильин биыл сәуірдегі ауыс-түйіс кезінде Төтенше жағдайлар министрі болып қайта тағайындалған болатын.