5-6 сәуір аралығында V Халықаралық Фараби оқулары аясында «ЮНЕСКО білім беру бағдарламасын қолданудағы прогресс: тұрақты даму парадигмасы» атты форум өтеді.
2017 жылы журналистика кафедралары бастамасымен ҚР БҒМ Alma-Mater of Journalism клубын құрды. Клуб қызметі журналистика білім беру бағдарламарын үйлестіру және сараптауға; оқу, әдістемелік материалдар базасын жасау және жаңалауға; журналистика кафедралары оқытушыларының біліктілігін арттыруға; медиа және коммуникация саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді қолдау және ілгерілетуге; «журналистика» мамандығының академиялық мансабын арттыруға бағытталған.
Клуб алғаш рет V Халықаралық Фараби оқулары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында БҰҰ, Қазақстандағы АҚШ елшілігі, Британ Кеңесі, MediNet Халықаралық орталығы қатысуымен журналистика білім беру бағдарламаларының проблемалары мен таяу болашағын айқындауға мүмкіндік беретін «ЮНЕСКО білім беру бағдарламасын қолданудағы прогресс: тұрақты даму парадигмасы» 2-күндік журналистика форумын өткізгелі отыр.
Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 71, ҚазҰУ Ғылыми кітапханасы, № 409 конференц-зал.
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі - профессор Гүлмира Сұлтанбаева, +77272211492, +77011527488, +77073777049